Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыру жөніндегі ақпараттық насихаттау жұмысы

11 қыркүйек 2019 жылы Жетібай ауылының 4 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын іске асыру жөніндегі ақпараттық насихаттау жұмысы жүргізілді.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.А.Мукашова мектеп ұжымын Жолдауды іске асыру шаралары туралы Жарлықпен және жалпыұлттық іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Болашаққа жоспарланған игі істер мен нақты қадамдар ұстаз көңіліне сенім,шығармашылығына шабыт берері сөзсіз. 





"Әбіш оқулары" байқауының облыстық кезеңі

icon

"Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі

icon

Аудандық тілші мұғалімдер олимпиадасы

icon

Әлемнің екінші ұстазы

icon

Әл-Фараби атамыздың туғанына 1150 жыл

icon«Әл-Фараби Аристотельдің «Физикасын» – қырық рет, «Риторикасын» – екі жүз, «Жан туралы» атты кітабын – жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!» деген екен немістің ұлы философы Гегель.«Бүкіл шығыс халықтарының аса ұлы ойшылы Әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналасқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да Шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа ешкім де емес, тек соның есімі аталуы керек» деп пiкip бiлдipген немiс зерттеушiсi А.МЮЛЛЕР. Биыл Әл-Фараби атамыздың туғанына 1150 жыл. Мерейтойға орай мектебіміздің 3"Б" сынып оқушылары Бекмурина Жанар Булекбайқызының жетекшiлiгiмен Жетібай ауылдық кiтапханасына барып, тәлім сәтiне белсене қатысты. Шара барысында оқушылар ойшыл жөніндегі танымдарын кеңейтiп, берiлген тапсырмаларды орындады. Шара соңында оқушыларға кiтаптар табыс етілдi. 

Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығы

icon

iconЖаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебімізде аз қамтылған отбасы балалары және инклюзивті түрде бiлiм алатын, сонымен қатар жартылай жетім оқушыларымызға сыйлықтар үлестірілді. Сыйлықтар табыстауға демеушілік еткен жеке кәсіпкер Ю.Халиева 20 дана, қамқоршылық кеңес мүшесі Г. Толегожаева 6 дана, мектеп мұғалімі Ж. Букенова 10 дана, А. Магарова 5 дана, ЖШС "Таңбай" 30 дана жаңа жылдық сыйлықтар және 10 үйді азық-түлікпен қамтамасыз етті. Мектеп мұғалімдері 15 дана жаңа жылдық сыйлықтар, сонымен қатар жеке кәсіпкер А. Бекбосынова 4 оқушыға қыстық киім сыйлады. Жалпы алғанда 80 данадан астам сыйлықтар табысталды. Балаларға ерекше мейіріммен, зор ықыласпен қарап, тек қана бiлiммен сусындатып қана қоймай, осындай рухани күш беретін қамқорлық таныту бiздiң парызымыз. Себебі, бүгінгі әр жас буын - елдің ертеңі болмақ. Олардың жарқын болашағы үшін бар жағдайды жасауға тиіспіз! 

Тәуелсіздік-тұғырым!

iconТәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде мерекелік кеш және бipқатар шаралар ұйымдастырылды. Кеш барысында мектеп директоры Абиханова Гүлбаршын Сатыбалдықызы мектеп өміріне еңбегі сіңген, өз iсiнiң бiлiктi де бiлiмдi мұғалімдері мен қызметкерлеріне "Алғыс хат" табыстап, марапаттау рәсімін өткіздi. Мектеп тәлімгері Толғанай Халлықызы жетекшілігімен мектеп өнерпаз оқушыларының бipлесе орындаған оркестрлік құрамымен бipнеше туындылар ойналды. Ән айтылып, өлең оқылды.Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған алдағы Тәуелсіздік күні құтты болсын! 

Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" республикалық байқауының аудандық кезеңі

icon1-7 сынып оқушылары зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" республикалық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің бipқатар оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 1.6 сынып оқушысы Балтабай Нұргүл биология бағыты бойынша жүлделі I орын, жетекшісі Эрке Тiлектес.2. 4 сынып оқушысы Омарғали Жаңылсын биология бағыты бойынша II орын, жетекшісі Шаңытбай Камшат3. 6 сынып оқушысы Серiк Қуаныш қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша II орын, жетекшісі Нұрханқызы Назгүл. 4. 4 сынып оқушысы Манас Жұлдыз экология-биология бағыты бойынша III орын, жетекшісі Джарылгаева Алия. 5. 4 сынып оқушысы Iңipбай Муслима биология-химия бағыты бойынша III орын, жетекшісі Теңізбай Iңкәр. 6.4 сынып оқушысы Қайыржанұлы Мейіржан этномәдениет бағыты бойынша III орын, жетекшісі Мағзам Асылай. 7. 6 сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Төлеген Ақбота III орын, жетекшісі Рахметова Айнур. Жүлделі марапатқа ие болған оқушыларымызды құттықтай отырып, үлкен белестерді бағындыруды тiлеймiз. 

Әкелер жиналысы

iconАғымдағы жылдың 10 желтоқсан күні мектебімізде әкелер жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:1. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі;2.Жасөспipiмдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу;3. Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы тәртіп бұзушылықтарды болдырмау жолдары;4. 2019 жылға бөліген қаржыны игеру жөнінде есеп беpiлдi. "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" бойынша баяндаманы мектеп психологы Жолдас Ақмарал айтып өтті. Отбасындағы әкенің рөлі мен баламен арадағы қарым-қатынасы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашова Умсын Ақылқызы "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" жөнінде баяндама жасады. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас және тәртіп бұзушылықтарды жою жөніндегi мәселелерді атап өтті. Жиында қозғалған келесi тақырып "Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы тәртіп бұзушылықтарды болдырмау" баяндамасы бойынша Жетібай ауылы полиция бөлімшесi бастығының орынбасары Төлебаев Асхат Балтабайұлы сөз қозғады. Жиын соңында мектеп директоры 2019 жылға бөлінген қаржыны игеру жөнінде есеп берді. Мектепке бөліген қаржы ашық түрде Қамқоршылық кеңестің мүшелері келiсiмiмен жұмсалатынын атап өтті. Жиынға қатысқан әкелер, осындай жиналыс түрлері ұйымдастырылып тұрса деген тiлек-лебiздерiн бiлдipдi. 

Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби атамыздың туғанына 1150 жыл

«Әл-Фараби Аристотельдің «Физикасын» – қырық рет, «Риторикасын» – екі жүз, «Жан туралы» атты кіта ...

23 қаңтар 2020