Жаңалықтар

Ата-аналар назарына. 1-сыныпқа қабылдау

iconАта - аналар назарына! ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті ата - аналар, EGOV сайты арқылы 1 сыныпқа қабылдау және мектепаралық ауысу жөніндегі нұсқаулықты назарларыңызға ұсынамыз! 

1-сыныпқа қабылдау

iconАТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" ҚР білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына 24.06.2020жылғы №264 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады деп көрсетілген. Сондықтан 2020-2021 оқу жылына 1-сынып оқушыларын қабылдау 1 тамызда тоқтатылатынын ескертіп, тез арада құжаттарды тапсыруларыңызды сұраймыз. Қазіргі еліміздегі карантинге байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құжаттар төмендегідей тәртіпте қабылданатын болды. 1. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Бала денсаулығы жағдайы туралы құжатты парталға жүктеу уақытша тоқтатылады, медициналық анықтаманы оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады. 3. "Электрондық үкімет" веб-порталына өтініш беру кезінде тек қана баланың 3*4 суреті жүктеледі. 

ҰБТ тапсырушы жадынамасы

icon Құрметті ата - аналар, түлектер! Назарларыңызға ҰБТ тапсырушы жадынамасын ұсынамыз! ҰБТ тапсырушысы өзімен бірге кіру рұқсатнамасы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын (жеке куәлік немесе паспорт) болуы қажет. Жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ түсуші мектептегі ағымдағы жылы бітіргені болмаған жағдайда түсуші тестілеуге жіберілмейді. Түсушіге ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды ақпараттарды тасымадау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішігде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод) SmartPhone (Смартфон), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай - Фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (дект) 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқаларды алып кіруіне рұқсат етілмейді. ҰБТ тапсырушыға рұқсат берілмейді: 1) аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға; 2) сөйлесуге, орын аусытыруға; 3) калкульяторды, анықтамалы әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітаптарды, түзету сұйықтығын және мобильдік байланыс құрадарын пайдалануға; 4) тестілеу материалдарымен алмасуға; 5) тестілеу материалдарын (кітапша мен жауап парағы) умаждау арқылы бүлдіруге; 6) тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға; 7) корректор сұйықтығын қолдануға, бетерді жыртуға, бояу қарастырылмаған секторларды бояуға; Түсуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда, Министрлік өкілі акт жасай отырып түсушіні тестілеуге кіргізбейді және (немесе) аудиториядан шығарады, түсушінің тестілеу нәтижесі жойылады. Түсуші сол тестілеуге және ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді. 

Мемлекеттік рәміздер күні

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздер дүниеге келген сәт - ерекше орын алады. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол - мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді. Осы орайда Елбасымыздың мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі. Мұндағы мақсаты - көтерген туы мен елтаңбасының, ақжолтайына айналар әнұранның түрі, табиғаты жағынан төлтума, ал мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес рәміздер болып шығуы еді. 1992 жылдың 4 маусым күні - ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күні тағы да елдігіміз сынға түсті. Ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан парламенттік дода қызу талқыға айналды. 60-тан астам депутат өздерінің пікірлерін білдірді. Нәтижесінде қабылданған қыран бейнелі көкшулан туымыз (авторы - Шәкен Ниязбеков), басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз (авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан), әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні дүние есігін ашты. Олар тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздағы тұңғыш ресми белгілерге айналды. Осы күні Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды. 6 маусым күні Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, жер-жаһанға жария етілді. Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесіне Мемлекеттік Ту көтерілді. Елтаңба орнықты, егемен ел аспанында әнұран әуені асқақтады. Алты ай өткен соң, 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Міне, сол жұлдызды күндерден бері 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алды. 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! 

«Шеберлер қаласы: ата – бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» балалар шығармашылығы

icon «Шеберлер қаласы: ата – бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» балалар шығармашылығының аудандық сырттай көрме байқауында «Тұрмысқа қажетті креативті бұйымдар» номинациясы бойынша мектебіміздiң 8 сынып оқушысы Ғалымжан ұлы Ғарифулла І орын; «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнер бұйымдары» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Бақыт Құндыз жүлделі I орын; «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясы бойынша 6 сынып оқушысы Ғалымжанұлы Шыңғыс ІІ орын иеленді. Облысқа жолдама алған оқушыларымыз «Тұрмысқа қажетті креативті бұйымдар» номинациясы бойынша мектебіміздiң 8 сынып оқушысы Ғалымжан ұлы Ғарифулла ІI орын, «Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнер бұйымдары» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Бақыт Құндыз жүлделі II орын иеленді. Құттықтаймыз! 

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

icon Құрметті, Жетібай ауылының тұрғындары, ата-аналар! 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 1 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтініш egov.kz сайты арқылы беріледі. Қажетті құжаттар тізімі: Ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан); Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3х4 көлеміндегі 2 дана фото. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады. Мектепке баланы қабылдау @edu_news_qz жүйесі арқылы іске асады. Сонымен қатар ата-аналар қалай өтінім жасау бойынша нұсқаулық төменде көрсетілген. Нұсқаулықпен танысып шығыңыздар! Жойылған электрондық сандық қолтаңбаны ( ЭЦП) ешқайда бармай ақ онлайн түрде алу жөніндегі төмендегі нұсқаулықпен танысып шығыңыздар! Байланыс ұялы телефондары: 26-1-41 +7 700 295 5039 Гүлназ 

Жас түлек-2020

icon Биылғы жыл мектебіміз үшін, мектебіміздің тарихы үшін ерекше орын алатын жыл. Себебі, биылғы оқу жылында мектебіміздiң 3 түлегі «Алтын белгі» аттестатымен, 2 түлегі Үздік аттестатпен аяқтағалы отыр. Бұл ата – ана үшін ғана емес, мектеп, аудан білім сапасы үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық шарасының бел ортасында жүріп, түрлі аудандық, облыстық , республикалық байқаулардың жүлдегерлері де, спортты жанына серік еткен шыныққан шымыр түлектеріміз де, өнерге жаны құмар түлектеріміз де аяқтағалы отыр. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспіз! Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сонан соң мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарыңды қадірлей біліп, осы адамдардан үмітін ақтаңыздар. Еліміздегі игіліктердің барлығы елдің болашағы - жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалып жатыр. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегі кемел, өрісі кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиіссіңдер! Балаларымыздың еңбегін, өнерін және ата - аналарымыздың бала тәрбиелеудегі еңбегі үшін Алғыс хат жариялаған ауданымыздың әкімі Қыдырберді Беков Әндipұлына және АББ басшысы Қалбиби Бекқалиқызына, аудандық Мәдениет үйiнiң басшысының м.а Самат Кулмановқа өзіміздің ерекше алғысымызды білдіреміз! Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістікеріңмен, жоғары көрсеткіштеріңмен, жоғары көрсеткіштеріңмен қуанта беріңіздер! Мен сендерге барша ұстаздарыңыз атыңыздан, мектеп атынан жоғары білімді, жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз! Туған жеріміздің мәртебесін арттыратын сендерсіңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілейміз! 

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!!!

icon Мектепке құжат қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру автоматтандырылды. Қызметтерді egov.kz «Электрондық үкімет» арқылы алуға болады. Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 маусымнан басталады. Өтінішті egov.kz порталы арқылы бересіздер. Ата-аналар порталда ( «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдап) өтініш беруге болады. Ата-ананың «жеке кабинетіне» баланың қабылданғаны не болмаса себебі көрсетілген қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама келеді. Қажетті құжаттар тізімі: Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3х4 көлеміндегі 2 фото. Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе баланың заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация нәтижесі ескеріле отырып жүзеге асырылады. 17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады. 

Білім және ғылым министірі Асхат А.Қ -нан оқу жылы аяқталуымен құтықтау!

icon Дорогие школьники, уважаемые коллеги, родители и выпускники! Поздравляю с окончанием 2019-2020 учебного года! 

"Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік конкурсы

icon"Дарын" Республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік конкурсында мектебіміздiң жүлделі орындарға ие болған оқушыларын құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен жүлделер алып, шыңдарды бағындыруын тiлеймiз! 

Соңғы жаңалықтар

Ата-аналар назарына. 1-сыныпқа қабылдау

Ата - аналар назарына! ХАБАРЛАНДЫРУ! Құрметті ата - аналар, EGOV сайты арқылы 1 сыныпқа қаб ...

10 шілде 2020
1-сыныпқа қабылдау

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағда ...

09 шілде 2020
ҰБТ тапсырушы жадынамасы

Құрметті ата - аналар, түлектер! Назарларыңызға ҰБТ тапсырушы жадынамасын ұсынамыз! ҰБТ тапсы ...

17 маусым 2020
Мемлекеттік рәміздер күні

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ ет ...

04 маусым 2020
«Шеберлер қаласы: ата – бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» балалар шығармашылығы

«Шеберлер қаласы: ата – бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» балалар шығармашылығының а ...

04 маусым 2020