Қарақия аудандық білім бөлімінің «Жетібай ауылы  №4 орта мектебі»КММ іргетасы 1964 жылы  қаланған.  1964-1991 ж.ж. орыс тілді, 1991ж - 1998 жылдары орыс-қазақ тілді аралас мектеп, 1998 жылдың қырқүйек айынан бастап  қазақ (мемлекеттік) тілде оқытатын,білім беру ісінде өзіндік табыстары мен жетістіктері бар алдыңғы қатарлы мектеп болып келеді.

  01.09.1992 жылы бітірген, оқуы орыс тілді  1-4 сыныптардың оқушылары осы мектепте ашылатын қазақ сыныптарына ата - аналарының арызы бойынша  ауыстырылды. Ералиев аудандық халыққа білім беру бөлімінің 31.08.1992 жылғы №116  §2 бұйрығы  негізі  1998 жылы ең соңғы орыс тілді  бір сынып, алғаш рет Қазақ тілді бір сынып, 11-сыныпты бітірді. «Аудан мектептеріне дербестік беру туралы» 29.01.1996ж Қарақия ауданы әкімінің № 605 шешімі және 01.02.1996ж Қарақия аудандық  білім бөлімінің №7 §2 бұйрығы негізінде, 20.01.1998ж мемлекеттік тіркеуден өтіп, ақпан айынан бастап, өз алдына  дербестік алып, қазыналық  болып  есепшоты  ашылды.

20.02.1999 жылы Қарақия аудан әкімінің №311 шешімі негізінде  жаңарту мақсатында қайта құрылып, 29.04.1999 жылы №1736-1943 ГУ заңды тұлғаны  мемлекеттік  мекемесі  деп  қайта  тіркелді.

Мектеп 2000 жылдың 19 мамыр айына дейін қазіргі «Балалар өнер мектебі» мен «Қарақия аймақтық ауыл шаруашылық» орнында (типтік емес)  және «Спорт зал» үйінде орналасты. Мектептің сыйымдылығы азаюуына байланысты ұжым табандылықпен  жұмыстанып, № 17 балабақша ғимараттарын , «Айгөлек»  балабақша ғимаратын өз балансына  тегін  алуға  қол  жеткізді.2013 жылы №4 орта мектебі  624 орындық жаңа  ғимаратқа көшті.

 Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берген білім ошағының жетістіктері көп.Олар:

2001-2008 ж.ж.- Аудан бойынша тәрбие жұмысынан тірек мектебі;

2002 ж. «Болашақ»балалар ұйымы жұмыстарынан облыстан III орын;

2001 ж.Бастауыш сыныптарының десант сабақтары байқауынан облыс бойынша I

орын, республикадан ынталандыру;

2010-2011 ж.ж. «Жас мамандар слеты» сайысынан облыстан III орын;

2003-2015 жылдар аралығында ҰБТ қорытындысы бойынша аудан деңгейінде алғашқы 5-тің қатарында;

2014-2015 ж.ж. «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсынан жүлделі III

  орын;

2014 ж.- «Математикалық регата» сайысында математик мұғалімдер тобы облыстан

 II орын, республикадан III орын және т.б.

2014-2015 жж. «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсынан жүлделі III

  орын;

2016 ж.-облыстық «Мектеп Лигасы»жарысында IIIорын;

2017ж.-аудандық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы грантын; 

2018ж. -аудандық "Табиғатпен үндес мектеп" байқауы І орын;

2018ж. -облыстық "Табиғатпен үндес мектеп" байқауы Алғыс хат;

2018ж. -аудандық жалпы білім беретін мектептер арасындағы "Ең үздік веб-сайт" байқауы ІІІ орын;

2018ж. -облыстық "Үздік бейнеролик" байқауы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымының Алғыс хаты;

2019ж. -аудандық "Үздік өзін-өзі тану кабинеті" байқауы І орын;

2019ж.-облыстық "Әкем, шешем және мен" спорттық жарысы ІІ орын

2019ж.-аудандық Ә.Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған "Ғұлама тұлға-ғибратты ғұмыр" атты сахналық қойылым ІІІ орын 

  Осы уақыт аралығында қаншама оқушы осы мектептен білім нәрімен сусындады.Солардың ішінен бірнеше түлектеріміз "Алтын белгі" белгісін, үздік куәлік және үздік аттестат иеленді. 

   Өз ісінің хас шеберіне айналған, аудан, облыс, республика деңгейіне танымал ардагер ұстаздар: Х.Абдиева «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Х.Абдиева, Ә.Бағдабаева, А.Шаңбасовалар «Оқу ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегерлері болса, олардың ізін жалғастырушы ұстаздар Абиханова Г.С. ҚР  Құрмет грамотасы және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі, ҚР Білім және ғылым  минстрлігінің Құрмет грамотасымен, П.Ұсақбаева  ҚР Білім және ғылым  минстрлігінің Құрмет грамотасымен, Ағысымен және  облыс әкімінің  Құрмет грамотасымен, Сүйменова Г.С. ҚР Білім және ғылым  минстрлігінің Құрмет грамотасымен, Бүркітова А ҚР Білім және ғылым  минстрлігінің Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен,  Н.Есжанова, Г. Муканова  ҚР Білім және ғылым  минстрлігінің Алғыс хатымен, Жапанова Н, Қарамурзаева Р, Казбекова М.Т, Мукашова Ұ.А, Бекмурзина Ж.Б., Косанов Г.П., Нурбосынова С.С., Жолболдиева А.М. облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, Назарбекова Ж, Құтжанова А, Назарова П.Х. облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен, Рахметова А. ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің  Құрмет грамотасымен, У.Мукашова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Г.Косанов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, А.Бекбосын облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар