Асхана жұмысының ұйымдастырылуы

«Жетібай ауылының № 4 орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде  биылғы оқу жылына арналған, ыстық тамақты ұйымдастыру іс-шара жоспары жасақталды. Осы оқу жылына арналған бұйрық шығарылып, бұйрық негізінде комиссия құрылып, жауапты адамдар бекітілді. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылған. Мектеп асханасы санитарлық талаптарға сай, қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы бар. Бір мезгілде тегін ыстық тамақпен, 1-сыныптың 158 оқушысы,  аз қамтылған отбасының  136 оқушысы (оның ішінде 1-сынып оқушылары-15) қамтылған. Барлығы 299 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бір күндік тамақ ақысы- 377 теңге. Ең негізгі құжаттардың бірі – ас мәзірі. Ас  мәзірі – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесіне сай беріледі.. Мектепте перспективалық екі апталық мәзір жасалып, бекітілген. Бракераждық жұмысты жүргізу мектеп медбикесінің жауапкершілігіне жүктелді. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына күнделікті бақылау жүргізіледі. Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлығы санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудыңда маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.

Жарияланған күні: 27-02-2020  

Соңғы жаңалықтар

Ұстаздар марапаты

...

20 қыркүйек 2020